Алматыда 13 қарашадан бастап Алатау даңғылының Абай даңғылынан Ұлықбек көшесіне дейінгі бөлігінде қозғалыс шектеледі. Себебі — жаңа метро станциясының құрылысы, деп хабарлайды infohub.kz сайты.
Almaty Joly Telegram-арнасының мәліметінше, көлік қазірдің өзінде салынған айналма жолға бағытталады. Жаңа №1 метро станциясы Алатау даңғылында, Абай даңғылынан солтүстікке қарай орналасады. Жүргізушілерге маршрутты алдын ала жоспарлап, жол белгілеріне назар аударуға кеңес беріледі.
Айта кетейік, бірінші желінің үшінші кезеңі жобасы шамамен 5,3 км тоннель мен үш жаңа станция салуды көздейді.
№2 станция Алатау даңғылының болашақ Төле би көшесімен қиылысатын тұсында пайда болады, ал №3 станцияны «Барлық» базарының маңынан салу жоспарлануда. Мұнда метро, автобус маршруттары мен LRT-ны біріктіретін көлік-алмасу торабы салынады. Сондай-ақ тұрақ қарастырылған.


