Алматы тұрғыны Threads әлеуметтік желісінде Сатпаев пен Сейфуллин көшелерінің қиылысындағы тайғақ жабынға шағымданып, плиткамен «жүру мүмкін емес» деп жазды. Сынаққа қаланың Қоғамдық кеңістіктерді дамыту басқармасы жауап берді, деп хабарлайды infohub.kz сайты.
«Айтыңызшы, бұл жабынды біреу тексерді ме? Ауа райы бұзыла салысымен қалыпты жүру мүмкін емес, беті қатты тайғақ. Қазір әлі плюс температура, мен де тайып кете жаздадым. Қыста не болады?» — деп жазды қыз әлеуметтік желіде.
Алматының Қоғамдық кеңістіктерді дамыту басқармасы абаттандыру жобалары аясында жаяу жүргіншілер жабынына белгіленген техникалық талаптарға сай бетон тротуар плиткасы қолданылатынын түсіндірді.
«Өндіруші «Тал Инженеринг Казахстан» ЖШС халықаралық сынақ әдістемелеріне сәйкес маятникті құрылғымен плитканың тайғанауға қарсылығын сынақтан өткізді. Сынақтар «Квадрат 300×300, биіктігі 80 мм, SILK, GRANITE (C-156), фактура А, биік» үлгілерінде жүргізілді. Үлгілердің беті ылғал күйде, яғни пайдалану үшін ең қолайсыз жағдайда сыналды», — деп түсіндірді ведомствода.
Басқарма өкілдерінің айтуынша, өлшеулер температуралық түзетуді ескере отырып, бірнеше бағытта және беттің бірнеше учаскесінде орындалды. Сынақ нәтижелері алынған мәндердің тайғанаудың төмен қаупіне сәйкес келетінін көрсетті.
«Осылайша, алынған көрсеткіштер көрсетілген шектен айтарлықтай асып, қолданылатын плитканың, оның ішінде ылғал күйде де тайғанауға қарсылығы жеткілікті екенін дәлелдейді. Сонымен қатар жаяу жүргіншілер жабынының жекелеген учаскелерін салу кезінде аяқ киіммен қажетті ілінісуді қамтамасыз ететін фактуралы беті бар термиялық өңделген гранит қолданылады. Қолданылатын материал жылтыратылған беттерге жатпайды және кедір-бұдыр фактураға ие, бұл пайдалану кезінде тайғанау қаупін азайтады», — деп қосты Басқармада.
Ведомство брусчатка мен гранитті тайғақ деп санауға болмайтынын атап өтті, алайда Басқарма қолданылатын материалдардың сапасы мен қауіпсіздігі мәселелерін бақылауда ұстайды.


