Алматыда басына пакет кигізілген ер адамды біреудің подъезден алып шығып бара жатқаны түсірілген видео тарады. Қалалық полиция департаменті оқиғаға қатысты тергеу басталғанын хабарлады, деп жазады infohub.kz сайты.
Жазба Qumash Telegram-арнасында жарияланған. Арнаның мәліметінше, оқиға Алматыда болған. «Жазбаларда екі жігіттің подъезге кіріп, бірдеңе талқылап тұрғаны көрінеді. Кейін олардың біреуі басына пакет кигізілген ер адамды иығына салып алып шығады», — делінген видеоның астындағы жазбада.
Алматы полиция департаментінің тілшісіне хабарлағанындай, бұл дерек бойынша Бостандық ауданы ПБ қарамағындағы полиция бөлімі тергеу жүргізіп жатыр.
«Үш күдікті ұсталып, қамауға алынды. Жан-жақты әрі объективті тергеу үшін тергеу-жедел тобы құрылды. Болған оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға, сондай-ақ осы дерекке қатысы болуы мүмкін өзге адамдарды анықтап, ұстауға бағытталған тергеу іс-әрекеттері мен жедел-іздестіру шараларының кешені жүргізіліп жатыр», — деді ведомствода.
Тергеу барысы полиция департаменті басшылығының бақылауында екені атап өтілді.


