Алматының Медеу ауданындағы Таусамал шағын ауданында қыс түсер алдында жолдың асфальты сыпырылып алынған, бұл жергілікті тұрғындардың наразылығын тудырды. Жұмыс орнынан түсірілген бейнежазбаны тұрғын @aikosha61 Threads әлеуметтік желісінде жариялады, деп хабарлайды infohub.kz сайты.
«Мынау не болып жатыр, қараңдаршы. Қазір қарбалас уақыт басталады. Жаз бойы жол тұрды, тиіспеген, дәл қыс алдында қазып, асфальтты түгел сыпырып тастады. Неге қыс алдында бірдеңе істеу керек? Мынаны көріп отырсыздар ғой», — деп наразылық білдірді ролик авторы.
Жарияланым әлеуметтік желі қолданушылары арасында талқылау тудырды. Кейбіреулері қаланың басқа аудандарында да жол мәселесі бар екенін айтты. «Біздің сүйікті Олимпийская мен мектепке дейінгі жол бомба жарылғандай. Ал бордюрлер жаңа», — деп жазды бір қолданушы.
Медеу ауданы әкімдігі жарияланымға жауап беріп, бұл учаскеде жолды орташа жөндеу жоспарланғанын түсіндірді. «Көрсетілген мекенжайда Алматы қаласының жол инфрақұрылымын дамыту басқармасы жолды орташа жөндеуден өткізуді жоспарлап отыр. Жұмыстар келесі аптада қолайлы ауа райы орнаған кезде жүргізіледі деп күтілуде», — деп мәлімдеді аудандық әкімдікте.


