«Дворянское собрание» иттерге арналған баспанасы «Твардовский дом» баспанасының аумағындағы барлық жануарды даладан шығарғанын хабарлады. Бұған дейін баспананың негізін қалаушы өлтірілген еді, деп жазады infohub.kz сайты.

«Достар, біз мұны істедік! Володя Тепляковтың баспанасының аумағында қалған барлық итті шығардық», — деді зооқорғаушылар.

Активистердің мәліметінше, қазір иттер уақытша аумақта, олар қауіпсіз жерде, азық пен күтім алып отыр.

«Бұл орасан зор физикалық, эмоционалдық және қаржылық күш-жігерді талап етті. Соңғы күндері көбіміз дерлік ұйықтамадық, иттер мен күшіктерді тиедік, көлік, адамдар және орналастыратын орын іздедік. Бірақ біз жеңдік», — деді баспана өкілдері.

Зооқорғаушылар алда жануарларды санау, вакцинациялау, кастрациялау, жайластыру, азықтандыру және үй іздеу жұмыстары тұрғанын хабарлады.

Бұған дейін Алматы маңындағы далада 90 ит қожайыны — «Dog House „Твардовский дом“» жануарларды құтқару баспанасының негізін қалаушы Владимир Тепляков қайтыс болған соң қалғаны хабарланған.

Алматы облысы полиция департаменті баспана негізін қалаушының қазасының кейбір мән-жайын ашты. Өлтіру фактісі бойынша қылмыстық іс тергелуде.

Жуырда әкімдік аталған баспананың иттерін құтқаруға қосылғаны да хабарланған.