Anthropic компаниясы АҚШ Конгресіне жасанды интеллект қауіпсіздігі туралы заң жобасын жолдады. Құжат озық ЖИ модельдерін шығаруды немесе пайдалануды сот арқылы бұғаттау мүмкіндігін қарастырады, деп хабарлайды infohub.kz сайты.
Құжатқа сәйкес, мемлекеттік органдар тек анық әрі болжамды апаттық қауіп болған жағдайда ғана араласа алады. Бұл дегеніміз — 50-ден астам адамның қаза табуына немесе ауыр жарақат алуына не 1 миллиард доллардан астам материалдық шығынға әкелу қаупі.
Компания ұсынысы бойынша ЖИ жүйелерін бұғаттауға айрықша құқық федералды судьяның шешімімен АҚШ Сауда министрлігіне беріледі. Сонымен қатар өзге федералды ведомстволар мен штаттарға нейрожелілердің шығарылымын өз бетінше шектеуге тыйым салынады.
Anthropic өкілдерінің айтуынша, құжат компанияның озық ЖИ-мен жұмыс істеу жөніндегі өз тұжырымын көрсетеді және саланы мемлекеттік реттеудің ұтымды тәсілін ұсынады.
Заң жобасы сарапшылар мен құқық қорғаушылар арасында қызу пікірталас тудырды. Сыншылар мемлекеттің араласу шегі тым жоғары екенін атап, жүйе іске қосылғанға дейін ықтимал құрбандар санын дәл болжау қиын екенін айтады. Сонымен қатар жекелеген штаттардың әрекеттеріне қойылған шектеулер ЖИ қауіпсіздігі саласындағы жергілікті заңнаманы әлсіретіп, бақылау рәсімін шамадан тыс орталықтандырып жіберуі мүмкін.


