Ақ үйдің коммуникациялар жөніндегі директоры Стивен Чунг әлеуметтік желідегі X парақшасында АҚШ президенті Дональд Трамптың Иран Лос-Анджелес пен Сан-Диегоны жоя алатыны туралы мәлімдемесіне басылымдардың реакциясын түсіндірді. Оның айтуынша, дүрбелеңге негіз жоқ, деп хабарлайды infohub.kz сайты.

«Ол (Трамп – ред. еск.) ядролық Иран тоқтатылмаса, АҚШ қалалары қауіпке ұшырайтынын анық айтты. Президенттің арқасында Америка қауіпсіз болды. Иранда ядролық қару да, флот та, әскери-әуе күштері де, ақша да жоқ», – деп жазды Ақ үй өкілі.

Бұған дейін Небраскадағы митингіде АҚШ президенті Дональд Трамп Иранмен қақтығыста екі қаланың жойылуы мүмкін екенін айтқан болатын.

Бұл Калифорния штаты басшылығының сынына тудырды – губернатор Гэвин Ньюсом американдық көшбасшыны «ақыл-есі дұрыс емес әрі қауіпті» деп атады.