Америка Құрама Штаттары, Ресей және Қытай көшбасшыларының тарихтағы алғашқы үшжақты кездесуі жақын арада өтуі мүмкін. Келіссөздерге дайындық туралы Ақ үй мәлімдеді, деп хабарлайды infohub.kz сайты.

CNN телеарнасының дерегінше, АҚШ президенті Дональд Трамп келесі аптада Қытай Халық Республикасының төрағасы Си Цзиньпинмен және Ресей президенті Владимир Путинмен бірлескен кездесу өткізеді. Жоспарланған үшжақты саммит туралы Ақ үй хабарлады.

Келіссөздер Қытайда өтетін Азия-Тынық мұхиты экономикалық ынтымақтастығы (АТЭЫ) саммитінің аясында өтіп, ядролық қаруды таратпау мәселесіне арналады.

«Президент (АҚШ — ред. еск.) өзге де мәселелермен қатар әлемдегі ядролық қаруды қысқартуды талқылайтынын анық білдірді. Президент Трамп мұндай таралуды өте қауіпті деп санайды», — деді журналистерге Ақ үйдің баспасөз хатшысы Оливия Уэйлс.

Ресми тұлғалар келіссөздердің ядролық мәселелер бойынша жаңа келісімге әкелетініне сенімді емес, олар тек бастапқы нүкте болады деп болжады. Ресми тұлғалардың айтуынша, әлем көшбасшылары Ирандағы жағдайды да талқылауды жоспарлап отыр. Бұл ретте Бейжің мен Мәскеу үшжақты саммитке қатысатынын әзірге ресми түрде растаған жоқ.