Ақ үй мен Пентагон Иранның әскери нысандарына қарсы аса қуатты MOAB авиабомбасын қолдану жоспарларын әзірледі. Бұл туралы infohub.kz сайты хабарлайды.
АҚШ «барлық бомбалардың анасы» атанған MOAB авиабомбасын Иранның әскери нысандарына соққы беру үшін пайдалану мүмкіндігін қарастыруда. Пентагонда түрлі әскери операция сценарийлеріне дайындық жүргізіліп жатқанын мәлімдеді.
«Соғыс министрлігі президент пен министрдің жоғары деңгейдегі тапсырмаларын орындау және кез келген жағдайда миссиялардың сәтті болуын қамтамасыз ету үшін кең ауқымды оперативтік сценарийлердің жоспарларын әзірлеуде», — деді ведомство өкілі.
Ақ үйде нақты жоспарлардың бар-жоғын растаудан бас тартты.
«Біз болуы мүмкін немесе болмауы мүмкін құпия әскери жоспарларға түсініктеме бермейміз. Президент Трамп Иранның ешқашан ядролық қару алмауын қамтамасыз ету үшін барлық мүмкін нұсқаларды қарастыруда», — деді әкімшілік өкілі.
MOAB АҚШ-тың ең үлкен ядролық емес бомбасы саналады. Оның салмағы 13,6 тоннадан асады, ал құны шамамен 170 мың долларды құрайды. 2017 жылы американдық әскерилер оны Ауғанстандағы «Ислам мемлекеті» тобының үңгір кешеніне қарсы қолданған болатын.


