«Во все тяжкие» культті сериалында Уолтер-кішінің рөлін сомдап, кең танымал болған американдық актер Ар Джей Митте 35 жасқа қараған шағында өмірден өтті, деп хабарлайды infohub.kz сайты.

Актердің өлімі туралы оның өкілдері Deadline басылымына мәлімдеді. «Сүйікті актеріміз, қайырымдылық жасаушы және мүгедектігі бар адамдардың құқықтарын қорғаушы Миттенің қаза табуы туралы терең қайғыра хабарлаймыз», — делінген олардың мәлімдемесінде.

Ар Джей Митте тек актер ғана емес, мүгедектігі бар адамдардың құқықтарын қорғаған қоғам қайраткері де болды. Бұл қызмет оның өз өмірлік тәжірибесіне негізделген — актер церебральды сал ауруымен өмір сүрген.

Дәл осы жағдай оның мансабында шешуші рөл атқарды: «Во все тяжкие» сериалында оның кейіпкері Уолтер-кіші де церебральды сал ауруымен ауырған. Барлығы Митте жобаның 56 эпизодында түскен.

2014 жылы актер түсіру алаңындағы әріптестерімен бірге АҚШ киноактерлер гильдиясының (SAG Awards) «Драмалық сериалдағы үздік актерлік ансамбль» номинациясында марапатқа ие болды.

IMDb дерекқорының мәліметінше, Ар Джей Митте мансабында 30-дан астам фильм мен сериалға түскен. Биыл жазда актер басты рөлді сомдаған «Бейтаныстармен әңгіме» драмасының тұсаукесері өтті.