Арменияның қоғамдық теледидарындағы саяси пікірталас қол жұмсаумен аяқталды: оппозициялық журналист пен премьер-министр Никол Пашинянның жақтасы студияда тікелей эфирде қысқа ғана қақтығысты, деп хабарлайды infohub.kz сайты.

Оқиға саяси ток-шоу эфирінде болды. Айтысқа оппозициялық журналист Борис Мурази мен үкімет басшысын қолдайтын Арутюн Мкртчян қатысты. Сөзге келген екеуі тез арада төбелеске ұластырды, алайда жанжал ұзаққа созылмады.

Арменияның қоғамдық теледидары жанжал жазбасын оқиғадан бір күн өткен соң ғана жариялады — сол уақытқа дейін екі тарап та болған жайт туралы өз нұсқаларын айтып үлгерген еді.

Өзін саясаттанушы санайтын Мкртчян өткір әрі қорлайтын сөздерімен, оның ішінде дін қызметкерлеріне қатысты айтқандарымен танымал болды. Оның айғақтарының негізінде барлық армяндардың католикосы Гарегин II-нің ағасы мен жиені ұсталған. Оларға Вагаршапат қаласындағы муниципалдық сайлау қарсаңында үгіт жүргізуге кедергі келтірді деген айып тағылған.