Астанада учаскелік инспекторлардың жұмысын жеңілдететін «Цифрлық учаскелік инспектор» жүйесі енгізілуде. Ол аудан картасынан бастап тұрғындар статистикасына дейінгі негізгі құралдарды біріктіреді, деп хабарлайды infohub.kz сайты.
Polisia.kz жазуынша, елордалық учаскелік инспекторлар бірыңғай интернет-портал арқылы бекітілген аумақ пен ондағы тұрғындар туралы мәлімет ала алады, интерактивті картаны пайдаланып, профилактикалық есепте тұрған адамдарды бақылайды, сондай-ақ өз учаскесі бойынша статистикалық көрсеткіштерді қарайды.
Сонымен қатар жүйеге жасанды интеллект негізіндегі жергілікті көмекші енгізілген. Ол қызметкерлерге қажетті ақпаратты жылдам тауып, ресми құжаттар мен нормативтік материалдарға сүйене отырып ұсыныстар алуға көмектесуі тиіс. Бұл ретте деректер интернетке шығарылмай, ішкі цифрлық ортада өңделеді.
Полиция жаңа жүйе күнделікті жұмыс көлемін және қажетті ақпаратты іздеу уақытын қысқартады деп күтеді. Сондай-ақ ол учаскелік инспекторларға бекітілген аумақтағы ахуалды жылдам бақылауға, профилактикалық жұмысты жоспарлауға және оның нәтижелерін бағалауға септігін тигізбек.
Бұған дейін «Курсив» жазғандай, ЖИ жөніндегі вице-министр Бақтияр Мұхаметқалиевтің айтуынша, мемлекеттік қызметшілер мен шенеуніктерге жасанды интеллект алмастырады деп қорқудың қажеті жоқ. Ол ЖИ енгізу тек мемлекеттік органдар мен олардың қызметкерлерінің тиімділігін арттыруға бағытталғанын мәлімдеген.


