Астанада 22 жастағы ВАЗ Lada көлігінің жүргізушісі жол үстінде қауіпті маневрлер жасағаны үшін 10 тәулікке әкімшілік қамауға алынды, деп хабарлайды infohub.kz сайты.
Астана қалалық полиция департаментінің мәліметінше, түн ортасында тәртіп сақшыларының назарын жол үстінде қауіпті маневрлер жасап, дрифт жасаған ВАЗ Lada көлігі тартқан. Оқиға «Парковка Казахстан» алаңының аумағында болған. Полицияның бағамынша, мұндай әрекеттер жол қозғалысының қауіпсіздігіне қатер төндірген.
«Полиция қызметкерлері көлікті тоқтатып, жүргізушіге қатысты тиісті шаралар қолданды. Көлік коммуналдық тұраққа қойылды. 22 жастағы жүргізушіге қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 630-бабының 1-бөлігі, 595-бабының 1-бөлігі және 434-бабының 1-бөлігі бойынша әкімшілік хаттамалар толтырылды. Іс материалдары сотқа жіберілді. Сот шешімімен құқық бұзушы 10 тәулікке әкімшілік қамауға алынды», — деді ведомствода.
Полиция жүргізушілерді жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға, көлік басқаруға жауапкершілікпен қарауға және өзге азаматтардың өмірі мен денсаулығына қатер төндіретін әрекеттерге жол бермеуге шақырады.


