Әлеуметтік желілерде Астанадағы подъезд маңында қарт адамға жасалған шабуылды бейнелейтін бейнежазба тарап жатыр. Оқиғаға елордалық Полиция департаменті назар аударды, деп хабарлайды infohub.kz сайты.
Astanovka98 Instagram-парақшасында жарияланған кадрларда бейтаныс ер адамның подъезден шығып, орындықта отырған қарт адамға жақындап, оған соққы бере бастағаны көрінеді. Бейнежазбаға қарағанда, жанынан өтіп бара жатқан әйел зейнеткерді қорғауға тырысқан сияқты, содан кейін бұзақы назарын аударып, соның соңынан жүгіреді.
Астана Полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлағандай, бұл факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.
«28 жастағы ер адам мас күйінде подъезден шығып, қарт адамға дене жарақатын салғаны анықталды. Сонымен қатар ол зардап шеккен адамды қорғауға тырысқан 41 жастағы әйелге де соққы берген», — деп хабарлады полицияда.
Полиция азаматтарға қатысты кез келген зорлық-зомбылық, дөрекілік пен агрессияға жол берілмейтінін және олар заңда белгіленген жауапкершілікке әкеп соғатынын еске салады.


