Астанада патрульдік полиция қызметкерлері пәтер есігін ашуға мәжбүр болды. Ішке кіргенде, 11 айлық нәрестенің қарауында қалған 16 жастағы қыз қатты ұйықтап жатқаны анықталды, деп хабарлайды infohub.kz сайты.

NUR.KZ-тің Polisia.kz-ке сілтеме жасап хабарлауынша, жергілікті тұрғын өз пәтеріне кіре алмай, полицейлерден көмек сұрауға мәжбүр болған.

Ішкі істер министрлігінің медиапорталының мәліметінше, астаналық тұрғынға шұғыл көмекті Астана қаласы полиция департаментінің патрульдік полиция қызметінің инспекторлары Жандос Абданбеков пен Асет Куралбаев көрсеткен.

«Әйел кәмелетке толмаған баласын 16 жастағы қарындасына қалдырып, емханаға кеткен. Алайда үйге оралғанда пәтерге кіре алмаған — есікті ешкім ашпаған, ішінен нәрестенің жылағаны естілген», — деді ІІМ-де.

Анасы дереу полицияға көмек сұрап жүгінген. Баланың өмірі мен денсаулығына төнген қауіпті ескерген полицейлер есікті ашып, пәтерге кірген. Ішінен жылап жатқан 11 айлық нәрестені тапқан.

«Сонымен қатар 16 жастағы қыздың қатты ұйықтап жатқаны белгілі болды. Полицейлер баланың қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, оны анасына тапсырды», — делінген хабарламада.