Алдағы демалыс күндері — 14–16 қараша аралығында Қазақстанның барлық дерлік аумағына жауын-шашын түседі. Республика бойынша ауа райы болжамын «Қазгидромет» РМК синоптиктері ұсынды, деп хабарлайды infohub.kz сайты.

Синоптиктердің дерегінше, ел аумағының басым бөлігінде жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын болады. Жауын-шашынсыз қалатын жалғыз өңір — Қызылорда облысы.

15 қарашада елдің батысында қатты жаңбыр жауады, ал 16 қарашада Батыс Қазақстан облысында қатты жауын-шашын — жаңбыр мен қар күтіледі.

Республика бойынша сондай-ақ желдің күшеюі, көктайғақ, ал түнде және таңертең тұман болады деп болжануда.

Температуралық фон былайша бөлінеді. Елдің батысында +6…+11 градусқа дейін жылыну күтіледі, 16 қарашада -2…+3 градусқа дейін аздап төмендейді. Оңтүстік-батыста түнде 0…+5 градусқа дейін суытады.

Солтүстік-батыста түнде негізгі фон -3…+3 градус болады, күндіз +4…+11 градусқа дейін аздап жылынады. Солтүстікте күндіз 0…+5 градусқа дейін аздап жылынады, бұл ретте Павлодар облысында түнде -3…-8 градусқа дейін төмендейді.

Елдің орталығында түнде негізгі фон -2…-10 градус болады. Шығыста -6…-13 градусқа дейін төмендеу күтіледі.

Республиканың оңтүстігінде түнде температура -5-тен +3 градусқа дейін ауытқиды, күндіз +7…+15 градусқа дейін жылынады. Оңтүстік-шығыста төмендеу күтіледі: түнде -5…-10 градус, таулы аудандарда -13…-18 градус, күндіз +2…+10 градус, таулы аудандарда -3…-8 градус.