Қытайдың Нинбо қаласында ауыр атлетикадан 2026 жылғы әлем чемпионаты аяқталды. Онда Қазақстан құрамасы бір «үлкен» медаль жеңіп алып, жалпы есепте Бахрейн, Индонезия және Түркиямен бірге 12-15 орындарды бөлісті, деп хабарлайды infohub.kz сайты.
Турнирде ұлттық құрама намысын жеті спортшы қорғады. Пьедесталға тек Нұрғиса Әділетұлы көтерілді — ол 95 кг салмақ дәрежесінде күміс жүлде жеңіп алды.
Алтын медальдан алтауын КХДР мен Қытай өкілдері, біреуін Мысыр, Болгария, Ирак және Өзбекстан спортшылары иеленді.
Серпеу мен жұлқа көтерудегі «кіші» жүлделерді есепке қосқанда, Қазақстан құрамасының қоржынында үш күміс бар — олар да Әділетұлының еншісінде. Бұл есепте де команда 12-орында тұр және оны Бахрейнмен бөлісіп отыр.
Қазақстандықтардың қоссайыстағы нәтижелері: Пётр Хребтов (75 кг дейін) — 14-орын; Алексей Чуркин (85 кг дейін) — 4-орын; Едіге Емберді (85 кг дейін) — 16-орын; Артём Антропов (110 кг дейін) — 8-орын; Аянат Жұмағали (77 кг дейін) — 19-орын; Любовь Ковальчук (86 кг жоғары) — 6-орын.


