J.D. Power компаниясының 2026 жылғы мультимедиа жүйелерінің сапасы мен қолайлылығын зерттеуінде ірі премиум модельдер арасында BMW X6 көш бастады. Сондай-ақ Hyundai Palisade мен Kia K4 өз сыныптарында үздік атанды. Алайда автокөлік иелері экрандардың жұмысына әлі де шағымдануда: барлық наразылықтың төрттен бірі дәл осы экрандарға қатысты мәселелерге тиесілі, деп хабарлайды infohub.kz сайты.

J.D. Power сауалнамасына АҚШ-тағы 2026 модель жылының жаңа автокөліктерінің 78,5 мың иесі мен жалдаушысы қатысты. Олардан көлікті пайдаланған алғашқы 90 күннен кейін мультимедиа сапасы мен оның жұмысына қанағаттанушылық деңгейін бағалау сұралды.

Ірі премиум модельдер арасында 1000 балдан 931 балл жинаған BMW X6 көш бастады. Одан кейін 929 балмен BMW 7 Series орналасты, ал үшінші орынды 927 балл жинаған Chevrolet Corvette иеленді.

Премиум емес орта және ірі модельдер арасында 922 балмен Hyundai Palisade үздік шықты. Kia K5 918 балл жинап, екінші орынды Dodge Durango-мен бөлісті. Шағын сыныпта 915 балмен Kia K4 жеңімпаз атанды, ал Hyundai Kona 912 балмен екінші орынға жайғасты.

Үлкен экран – үлкен мәселе ме?

Мультимедиа жүйелері автокөлік жабдықтарының ең проблемалы ірі санаты болып қала береді. Тіркелген барлық ақаулар мен иелердің наразылықтарының 25%-ы осы жүйелерге тиесілі.

Оның үстіне, жаңа көліктерге қатысты ең көп таралған бес шағым дәл мультимедиаға қатысты. Өндірушілер экрандарға қанша функцияны көшіріп, бағдарламалық жасақтамаға байланыстырса, олардың тұрақты жұмысына қойылатын талап та соншалықты артады.

Орталық дисплей арқылы навигация мен климатты басқаруға болатыны қолайлылыққа кепілдік бермейді. J.D. Power нәтижелері өндірушілерге әлі де жұмыс істейтін тұстары бар екенін көрсетеді.

Бұған дейін Курсив Авто Hyundai көліктерді ым-ишара мен дауысты түсінуге үйрететінін жазған болатын. Ал мұнда Kia мен Hyundai-дың ең төзімді батареялары туралы білуге болады.