Үкіметте өткен брифингте шетелдік инвесторларға ірі көлемде несие беру мәселесі көтерілді: журналистер қазақстандық компанияларға бұл үдерісте неге басымдық берілмейтінін сұрады, деп хабарлайды infohub.kz сайты.
«Кәсіпкерлікті дамыту қоры» «Даму» акционерлік қоғамы басқармасының төрағасы Фархат Сарсекеев жобаларды қаржыландыруға ортақ талаптар қойылатынын, кез келген жағдайда компанияның өз қатысуы мен растауы дәл осында — Қазақстан Республикасында болуы қажет екенін түсіндірді. Оның айтуынша, шетелдік компания елге келе салып қана несие ала алмайды. Қордың міндеті — экономиканы тұтастай, жаңа бағыттар мен жаңа тауар топтарын дамыту. Шетелдік инвестор Қазақстанға келгенде іс жүзінде республика бизнесінің субъектісіне айналады. Мұны жақсы түсіну керек: ол мұнда заңды тұлға ашады, оның негізгі құралдары мен кепіл мүлкі осында орналасады, қызметінің бәрін де осында жүзеге асырады.
Қор басшысы мысал ретінде Түркістан облысындағы алкогольсіз сусындар зауытын келтірді. Зауыт толығымен американдық технологиямен жұмыс істейді — бұл RC Cola, ол Pepsi Cola мен Coca-Cola-мен қатар дәл сондай сусындарды құяды, бірақ технологиясы толығымен американдық. Негізінен, мұнда қиындық көрінбейді: Қазақстан үшін бұл керісінше жақсы — жұмыс орындары ашылады, тіпті экспортқа шығатын өнім өндіріліп шығарылады, сонымен бірге бюджетке түсетін салықтар төленеді.
Сондықтан, қор басшысы қосқандай, мұндай айырмашылық қойылмайды. Қор үшін қазақстандық па, жоқ па — маңызды емес, бастысы Қазақстанда жақсы бизнес-жоспарлармен, жақсы идеямен және инвестициялармен жүзеге асатын жақсы жобалар болуы керек.


