Деменциямен ауыратын науқастардың шамамен 70%-ы дәрілерді өз бетінше қабылдай алмайды: біреулері препараттарды ұмытып кетсе, енді біреулері қауіпті дозадан асырып алады. Емдеуді қалай ұйымдастыру туралы невроздар мен Альцгеймер ауруын емдеу орталығының жетекшісі Жібек Жолдасова айтып берді, деп хабарлайды infohub.kz сайты.
«Егер науқасқа дәріні өзі қабылдауға рұқсат берсе, екі шектен шығу бар. Біріншісі – дәрілер ұмытылып, өткізіліп кетеді, сонда емнің әсері болмайды. Екіншісі – дозадан асыру. Науқас ұмытшақтықтан дәріні бірнеше рет ішеді. Сондықтан туыстарының немесе күтушілердің біреуі дәрі қабылдауды бақылауы маңызды», – дейді дәрігер.
Оның айтуынша, науқас жағдайды түсініп тұрғанда, дәрілік органайзерді пайдалануға болады. Бұл – аптаға арналған, күніне үш-төрт ретке (таң, түс, кеш, түнге) арналған ұяшықтары бар қорап. Аптасына бір рет күтуші науқаспен бірге барлық дәріні осы органайзер-таблетницаға апта бойына салып қояды. Сонда тағы бірнеше жыл бойы бүкіл отбасы, соның ішінде науқастың өзі де қай дәрінің ішілгенін, қайсысының өткізіліп кеткенін көреді. Науқасқа басқа дәрілерді қолына беруге болмайды.
Алайда адам тіпті таблетницамен де шатасса, дәріні нақты бір күтуші адам беруі керек. Тағы да, науқасқа ешқандай дәрі қалдыруға болмайды.
«Науқас үнемі дәрі сұрап қинайтын жағдайлар болады. Мұндай адамдар үшін әртүрлі дәрілердің бос құтыларын тауып, оларды плацебомен, яғни бос дәрілермен толтыру керек. Мысалы, «тик-так» дражесі бұған тамаша келеді. Олар әртүрлі түсті, бірнеше құтыға бөліп салып, шартты түрде «қысымға қарсы», «буындарға», «ауырсынуға қарсы» деп жазуға болады», – дейді дәрігер, негізгі нақты дәрілерді қабылдауды күтуші адамның бақылауында қалатынын атап өтіп.
Басқа жағдайларда, Жолдасованың айтуынша, науқастар қулық жасап, таблеткаларды матрастың астына, жиһаздың астына, қалталарына, қоқысқа және дәретханаға түкіріп тастайды. Ол барлық жерді тексеріп, науқас дәрі қабылдаған кезде міндетті түрде қасында болып, оның жұтқанына көз жеткізуге кеңес береді.
«Егер жұту қиын болса, таблеткаларды ұсақтап, тамақпен бірге беруге болады. Немесе мұндай науқастар үшін препараттардың басқа түрлері – сұйықтық және пластырьлар қарастырылған», – дейді дәрігер.
Жолдасованың айтуынша, деменцияны жеңіл сатысынан бастап емдеу пансионатқа, мүгедектер үйіне орналастыру немесе күтуші жалдау мүмкіндігін 57%-ға азайтады.
«Бұл деменциямен ауыратын науқастың отбасының жалпы режиміне сыйып, өзіне қарауын жалғастыратынын, психикалық асқынулардың минимумға түсетінін білдіреді. Қолдаушы емнің арқасында науқас дәрі қабылдамайтындармен салыстырғанда тағы бірнеше жыл өзіне-өзі қызмет етеді», – деп түсіндіреді ол.
Дәрігер Қазақстанда деменцияны емдеуге арналған екі препарат – донепезил және мемантин бар екенін айтты. Екеуін де дәрігердің тағайындауы бойынша емханада тегін алуға болады.
Бұған дейін Жолдасова антидепрессанттар туралы ең көп таралған қате түсініктерді атап өткен болатын.


