Қыркүйекте қазақстандықтар жинақтарын валюталық депозиттерден теңгеге белсенді түрде ауыстырды: банктердегі салым көлемі 1,3 трлн теңгеге өсіп, 51,5 трлн теңгеге жетті. Бір айда валюталық жинақ шоттарынан 322 млрд теңге алынса, теңге шоттары 388 млрд теңгеге толықты. Бұл туралы infohub.kz сайты хабарлайды.

Ұлттық банк статистикасының дерегінше, бұл — депозиттердегі қалдықтың таза өзгерісі, яғни толықтырулардан алынған сомаларды шегергендегі көрсеткіш. Шетел валютасындағы салымдардың серпініне бағамдық қайта бағалау да әсер етуі мүмкін.

Қыркүйектің соңында жеке тұлғалардың депозит көлемі 28,6 трлн теңгеге жетті. Бір айда ол небәрі 65 млрд теңгеге өсті — салыстыру үшін, тамызда өсім 137,6 млрд теңгені құраған. Жыл басынан бері өсім 10%-ды құрады.

Айлық өсімнің мұншалықты аз болуы негізінен шетел валютасындағы салымдардан қаражаттың айтарлықтай таза кетуімен түсіндіріледі — ол 322 млрд теңгені (-7,3%) құрады. Жеке тұлғалардың валюталық депозиттерінің көлемі 4 трлн теңгеге дейін төмендеді. Сол айда теңге 3,19%-ға нығайып, 449,75 теңге болды.

Сонымен қатар теңгедегі депозиттердің көлемі 387,5 млрд теңгеге, яғни 1,6%-ға өсіп, 24,5 трлн теңгеге жетті. Салыстыру үшін, тамызда теңгелік депозиттер 131 млрд теңгеге өскен.

Еске салайық, Ұлттық банктің дерегінше, 2026 жылғы тамызда қазақстандық банктердегі жеке тұлғалардың салым көлемі 132,8 млрд теңгеге, яғни 0,4%-ға өсіп, 30,66 трлн теңгеге жеткен.