Қазақстандық әнші Димаш Құдайберген Анкарада өткен Түркі мемлекеттері ұйымының концертіне арнайы қонақ ретінде қатысты, деп хабарлайды infohub.kz сайты.
«Grand Arena Concert» атты іс-шара 28 қазанда өтті. Сахинада Түркияның Президенттік симфониялық оркестрі ойнап, түркі әлемінің үздік классикалық дауыстары шырқалды. Ауқымды концерт Түркі мемлекеттері ұйымының Түркия Республикасы күнінің 103 жылдығына арналған мәдени іс-шаралар бағдарламасы аясында ұйымдастырылды.
Димаш Құдайберген — Қазақстанның және Қырғызстанның халық әртісі, ТҮРКСОЙ-дың жоғары наградасының иегері, «Түркі әлемінің мәдениет елшісі» атты жеке орденінің кавалері — кештің арнайы қонағы болды. Әнші Түркияның Президенттік симфониялық оркестрінің сүйемелдеуімен «Ұмытылмас күн» атты авторлық композициясын және роктың әлемдік классикасы «The Show Must Go On» әнін орындады.
Сонымен қатар Димаш түрік тіліндегі тұңғыш авторлық «Yazgı» әнін шырқап, танымал түрік диджейі Бурак Йетермен бірлесіп жасаған «Weekend» композициясын ұсынды.
Қазақстандық әртіс көрермендермен қазақ, ағылшын және түрік тілдерінде сөйлесіп, бауырлас түрік халқының алдында өнер көрсеткеніне қуанышты әрі мақтанышты екенін жеткізді.


