Қазақстандық әртіс Димаш Құдайберген Монтеррей тұрғындарының сыйына тәнті болып, шығармашылық тобымен бірге музыкалық импровизация жасады, деп хабарлайды infohub.kz сайты.
Димаш мексикалық жанкүйерлердің ерекше сыйы өзіне қатты әсер еткенін айтты.
«Монтеррей, сендер маған сөзбен жеткізу мүмкін емес сезім сыйладыңдар! Осы әсем қаланың бір көшесінде өз бейнем бейнеленген муралды көру — ешқашан ұмытпайтын сый. Керемет мейірімділіктерің мен жылы қарым-қатындарың үшін шын жүректен алғыс айтамын! Ал біз талантты достарыммен бірге сендерге арнап ерекше музыкалық сый дайындадық!» — деді Димаш.
Димаш Темірлан Олжабай, Расул Усманов, Олжас Құрманбек және Ернат Наурызбен бірге жанкүйерлерге музыкалық сый тарту етті. Отандық әртістер Димаштың бейнесі бар муралдың жанында тұрып, қазақ музыкалық аспаптарында ойнады.
«Жанкүйерлерің сені жақсы көреді», «Өте әсерлі», «Қандай керемет сый», «Бұл жай ғана тамаша», — деп жауап берді желі қолданушылары.


