Үнді актрисасы әрі модель Дипика Падуконе мен жұбайы, актер Ранвир Сингх екінші рет ата-ана атанды. Енді олар жаңа туған қыздарының есімін жариялады, деп хабарлайды infohub.kz сайты.

Жұп бұл туралы Instagram әлеуметтік желісіндегі парақшасында хабарлады. Айта кетейік, Дипиканың бұл желіде 78 миллионға жуық, ал жұбайының 48 миллион жазылушысы бар.

Бір ай бұрын актерлер отбасында қуаныш болды — екінші қыздары дүниеге келді. Енді жұбайлар оның есімін жасырмай, жария етті: сәбиді Деви деп атады. Ранвир мен Дипика екі қыздарымен бірге түскен жылы отбасылық суретін жариялады.

Жанкүйерлер мен әріптестері жұпты құттықтап, қыздарына өте әдемі есім таңдағанын атап өтті. «Құдайым, бұл керемет отбасыға батасын берсін», «Уа, құдайым, Дуа мен Деви!», «Қандай тәтті», «Енді Ранвирдің отбасында 3 ханым бар», «Қандай әдемі есім», — деп жазады комментаторлар.

Еске салайық, Дипика Падуконе алғаш рет 2024 жылдың қыркүйегінде ана атанған. Ал биыл көктемде актриса екінші рет жүкті екенін жариялаған еді.