«Дьявол носит Prada» және «Интерстеллар» фильмдерімен танымал голливуд актрисасы Энн Хэтэуэй үшінші рет ана атанды. Бұл туралы БАҚ хабарлады, деп жазады infohub.kz сайты.

Ақпаратқа сәйкес, «Дьявол носит Prada» фильмінің 43 жастағы жұлдызы мен оның жұбайы Адам Шульман ата-ана атанды. Отбасында қазірдің өзінде екі ұл өсіп келеді — 10 жастағы Джонатан мен 6 жастағы Джек.

Актриса үшінші жүктілігі туралы 19 маусымда Instagram-да жариялады. Ол еркін ақ көйлек киген видеосын жариялап, кейін дөңгеленген ішін көрсетті. «Балақай, мен сенікімін», — деп жазды Хэтэуэй жарияланымға.

Қазан айында CBS Mornings-ке берген сұхбатында актриса отбасына жаңа адам қосылуын асыға күтіп жүрген сезімдерімен бөлісті. Ол жұбайы екеуі қуанышты екенін, бірақ төртеу болып өткізіп жатқан соңғы апталарды бағалауға тырысып жатқанын айтты. «Біз қуанышқа кенелдік, өте бақыттымыз, бірақ қазір біз үшін ең бастысы — әлі де төрт адамнан тұратын отбасы ретінде уақытты ләззат ала өткізу», — деді Хэтэуэй.

Актриса тағы бір баланың дүниеге келуі отбасының әдеттегі өмірін өзгертетінін, әсіресе үлкен ұлдары үшін бұл өзгеріс ерекше болатынын түсіндірді. «Біз үшін бәрі өзгереді. Ал балаларымыз үшін әсіресе көп нәрсе өзгереді. Біз бұл керемет кезеңді бірге өткереміз», — деп бөлісті ол.

РИА Новости TMZ жарияланымының аудармасына сілтеме жасап жазғандай, журналистер жұлдызды 17 қарашада, сейсенбі күні Нью-Йоркте серуендеп жүргенін байқаған. «Энн Хэтэуэй отбасында толықтыру бар... „Дьявол носит Prada“ фильмінің жұлдызы сейсенбі күні Нью-Йоркте серуендеп жүргенінде байқалды. Жаңа туған нәресте оның кеудесіне слингпен байланған еді», — деп жазады басылым.

Энн Хэтэуэй мен Адам Шульман 2012 жылы неке қиды. Актриса үшінші жүктілігі туралы «Дьявол носит Prada 2» фильмінің халықаралық промотуры кезінде жариялады. People дерегінше, ол бұл жаңалық үшін сәтті өзі таңдап, картинаның премьерасынан назарды аудармауды қалаған.