Сауд Арабиясының астанасында әуе қорғаныс күштері екі қанатты зымыранды соққыға жықты. Олардың сынықтары тұрғын үй кварталдарына түсіп, төрт адам жараланды, тағы 15 үй зақымданды, деп хабарлайды infohub.kz сайты.

Al Jazeera телеарнасы Сауд Арабиясының азаматтық қорғаныс басқармасына сілтеме жасап хабарлауынша, зардап шеккендердің арасында екі әйел, бір ер адам және бір бала бар. Ведомствоның дерегінше, зымырандарды Йемендегі хуситтер тобы атып, нысанаға Эр-Риядты алған болуы мүмкін.

Бұған дейін Сауд Арабиясы Эр-Риядқа бағытталған хуситтердің үш қанатты зымыранын ұстап алып, жойғанын, сондай-ақ елдің оңтүстігінде әуе қорғаныс жүйелері екі ұшқышсыз ұшу аппаратын атып түсіргенін мәлімдеген.

Хуситтерге қарсы араб коалициясының өкілі Түрки әл-Малики әлеуметтік желідегі X парақшасында әуе қорғаныс күштері Сауд Арабиясының шығысындағы, мұнай-газ компаниясы Saudi Aramco-ның бас кеңсесі орналасқан Дахран қаласына атылған баллистикалық зымыранды атып түсіргенін жазды. Ол зымыран сынықтары тұрғын ауданға түскенін нақтылады.

Телеарнаның дерегінше, елдің Энергетика министрлігі компанияның әкімшілік ғимаратында өрт шыққанын хабарлаған. Әзірге ешбір топ болған оқиғаға жауапкершілікті өз мойнына алған жоқ.

Еске салайық, бұған дейін Эр-Риядтағы король Халид атындағы халықаралық әуежайға жасалған шабуылдан кемінде 12 адам қаза тауып, тағы 309 адам жараланған. Оқиғаға нысанға зымыран атқан йемендік хуситтердің әрекеті деп қаралады. Осыдан кейін бірқатар араб елінің әуекомпаниялары Сауд Арабиясына рейстерін тоқтатты немесе жойды.

Сонымен қатар, Қазақстан Сыртқы істер министрлігі Сауд Арабиясындағы азаматтық инфрақұрылымға жасалған шабуылдарға байланысты ел азаматтарына үндеу жасады.