Дублинде өткен Еуроодақ саммитінде ЕО-ға мүше мемлекеттердің үкімет басшылары Ресей мен Украина арасындағы дауды реттеу жөніндегі алдағы келіссөздерде Еуропаны өкілдейтін бес мемлекетті айқындады, деп хабарлайды infohub.kz сайты.
Еуропалық кеңес төрағасы Антониу Коштаның айтуынша, бұл тізімге Германия, Франция, Ұлыбритания, Италия және Польша енді.
Еуропалық комиссия басшысы Урсула фон дер Ляйен аталған бес елдің өкілдерінен бөлек, келіссөз тобына Еуроодақ институттарынан Еуропалық комиссия мен ЕО Кеңесінің өкілдері де кіретінін нақтылады.
«Біз Украинаны қолдап, өз мүдделерімізді қорғайтын боламыз», — деп атап өтті ол.
Бұған дейін АҚШ президентінің арнайы өкілі Стив Уиткофф пен Дональд Трамптың күйеу баласы Джаред Кушнер Мәскеуде Ресей көшбасшысы Владимир Путинмен келіссөз жүргізген. Содан кейін олар Ирландияда Украина президенті Владимир Зеленскиймен кездесті. Осыдан соң Стив Уиткофф украиналық реттеу процесі аясында жаңа кездесу өткізілетінін жариялады.


