АҚШ-тың Айдахо штатының тұрғыны Дэвид Раш серіктесі Крис Стамфпен бірге бокс қолғабын киіп, бес келілік допты лақтырып ұстаудан Гиннесс рекордтар кітабының жаңа рекордын орнатты, деп хабарлайды infohub.kz сайты.
Сынақ шарты бойынша екі қатысушы бір-бірінен бес метр қашықтықта тұрып, салмағы шамамен бес келілік ауыр спорттық снарядты бір минут ішінде мүмкіндігінше көп рет беріп-ұстауы керек еді. Бұған дейінгі жетістік 32 ұстау болатын — оны 2025 жылы Джонни Круз Бэкингем мен Адам Фара орнатқан.
Гиннесс рекордтар кітабының 200-ден астам қолданыстағы титулы бар Раш қағаз жүзінде тапсырма қарапайым көрінгенімен, іс жүзінде «бақылаудағы хаосқа» ұқсайтынын мойындады. Оның айтуынша, үлкен жұмсақ қолғаппен ешқандай ұстасу жоқ кезде ауыр допты лақтырып, ұстап қалу өте қиын. Қарқынды арттыру үшін серіктестер төменнен баяу лақтырудан бас тартып, денені бүйірден бұру арқылы жылдам техниканы меңгерді, алайда кішкене ғана қателік қабырғаға немесе білекке ауыр соққы тигізуі мүмкін еді.
Бірнеше апта жаттығудан кейін дуэт соңғы әрекетке шығып, 60 секунд ішінде допты 45 рет ұстап үлгерді. Осылайша Дэвид Раш пен Крис Стамф өткен әлемдік рекордты бірден 13 беруге арттырып, жетістіктер қоржынын толықтырды.


