Үндістанның Одиша штатында әйел 32-апталық жүктілік кезінде екі басы бар нәресте босанды. Қазіргі таңда сәби дәрігерлердің бақылауында, деп хабарлайды infohub.kz сайты.
NUR.KZ NDTV-ге сілтеме жасап хабарлағандай, жаңа туған нәрестенің екі басы бар, алайда қолы мен аяғы бір жұп. Сәбиді Берхампур қаласындағы медициналық колледж бен аурухананың жаңа туған нәрестелерді қарқынды бақылау бөлімшесіне жеткізді. Бұл жұптың тұңғыш баласы екені атап өтілді.
«Сирек кездесетін туа біткен патология дицефалиялық парапаг деп аталады. Мұндай жағдайда баланың бір денеге жалғасқан екі басы мен екі мойны болады. Жарияланған мәліметтерге сәйкес, нәрестенің несеп-жыныс жолы да біреу, сыртқы жыныс мүшелері еркектікі. Бала дәрігерлердің бақылауында жатыр. Дәрігерлер одан әрі емдеу тактикасын және қажетті мамандандырылған көмек көлемін анықтау үшін оның жағдайын бағалап жатыр», — делінген жарияланымда.
Айта кетейік, сиам егіздері өте сирек кездеседі: шамамен 300 мың босануға бір жағдайдан келеді.
«Алдағы күндер жаңа туған нәрестенің жағдайын бағалау үшін маңызды болады. Одан әрі көмек оның дене құрылысының ерекшеліктеріне, ішкі ағзаларының жағдайына және ықтимал асқынуларға байланысты болады», — деп қосты басылым.


