Тегеран Вашингтонмен келіссөз жүргізу мүмкіндігін АҚШ Исламабад меморандумын орындауға қайта оралған жағдайда ғана қарастыруға дайын. Бұл туралы Иран парламентінің ұлттық қауіпсіздік және сыртқы саясат жөніндегі комиссиясының мүшесі Феда-Хосейн Малеки мәлімдеді, деп хабарлайды infohub.kz сайты.
«Бұған дейін айтқанымдай, Иран меморандумның орындалуын (АҚШ-пен — ред. еск.) кез келген келіссөздің басталу шарты ретінде қойып отыр. Келіссөзге келсек, егер американдықтар меморандумды орындауға қайта оралса, біз бұл мәселені қарастырамыз», — деп келтіреді оның сөзін РИА Новости.
Парламентарий сондай-ақ АҚШ пен Израиль тарапынан қандай да бір әрекет болған жағдайда Иранның жауабы «қатаң болатынын» ескертті.
Сонымен қатар Иран Таяу Шығыс елдеріне ультиматум жолдап, Тегеран мен Вашингтон арасындағы ұрыс қайта басталса, АҚШ-ты қолдаудан бас тартуды талап етті.
Еске салайық, биыл маусым айында АҚШ пен Иран өзара түсіністік туралы меморандумға электронды түрде қол қойған болатын.


