Испанияда екі жүрдек пойыздың соқтығысуынан қаза тапқандар саны 64 адамға жетті. Тағы 80-ге жуық жолаушы жарақат алды, оның 50-і ауыр халде. Қаза тапқандар санының артқанын Кастилия-Ла-Манча өңірлік әкімшілігі хабарлады, деп жазады infohub.kz сайты.

Куәгерлер болған жайды кенеттен болған қатты соққы ретінде сипаттайды. «Ноутбукпен жұмыс істеп отырғанмын, кенет қатты үдеу сезіп, алдымдағы орындыққа соғылдым. Адамдар вагоннан лақтырылып кетті. Біз пойыз рельстен шығып кетті деп ойладық», — деп әңгімеледі El País газетіне 54 жастағы Хесус Херонимо.

Апаттың себептері әзірге анықталып жатыр. Ықтимал нұсқалардың бірі ретінде адам қателігі қарастырылуда.

Айта кетейік, соқтығысу сол желіде, сол операторлар қатысқан теміржол апатынан небәрі тоғыз ай өткен соң болды. Ол апат салдарынан 46 адам қаза тапқан еді.

Бүгін бұған дейін де Испанияда пойыздардың соқтығысқаны туралы хабарланған болатын. Алғашында Урда станциясы маңындағы төтенше оқиға кезінде кемінде 39 адам қаза тапқаны белгілі болды. Кейін испан бұқаралық ақпарат құралдары теміржол апатында қаза тапқандар саны 50 адамға жеткенін хабарлады. Сондай-ақ кемінде 179 адамның зардап шеккені туралы деректер пайда болды.

Сонымен қатар Қазақстан Сыртқы істер министрлігі Испаниядағы теміржол апатына қатысты пікір білдірді.