Түркияның Каппадокия өңірінде туристер арасында «сиқырлы мұржа» деп аталатын жартас құлады: салдарынан екі адам қаза тауып, тағы бір адам жараланды, деп хабарлайды infohub.kz сайты.
Turkiye today басылымының мәліметінше, жартастың бір бөлігі жақын маңдағы ашық аспан астындағы мұражайға құлаған. Оқиға Невшехир провинциясының орталық ауданына кіретін Гереме қаласында болды.
Невшехир әкімі Хусейн Кок құлау қатты жаңбырдан кейін жылжыма пайда болуынан орын алғанын мәлімдеді.
Оқиға орнына полиция, жандармерия, ТЖ салдарларын жою агенттігі (AFAD) және медициналық бригадалар жіберілді. Іздестіру-құтқару жұмыстары жалғасып жатыр.
«Өкінішке қарай, екі адамның денесін таптық, бір зардап шегушіні ауруханаға жөнелттік. Оқиға орнындағы іздестіру-құтқару жұмыстары жалғасып жатыр», — деді әкім.


