Қарағанды облысының Нұра ауданында полицейлер үй-үйді аралау кезінде шалғай ауылдардың бірінде азаматтық некедегі жолдасының үйінде тұрып жатқан көрші мемлекеттің 24 жастағы азаматын анықтады. Құжаттарын тексеру әйелдің Қазақстанда болуының рұқсат етілген мерзімі біткенін, ал оны ұзарту туралы белгі жоқтығын көрсетті, деп хабарлайды infohub.kz сайты.

Ішкі істер министрлігінің ақпараттық медиапорталының мәліметінше, тексеру барысында жұптың бір жасар қызы бары, оған әлі күнге дейін туу туралы куәлік рәсімделмегені анықталды. Қызға қатысты құжаттардың ішінде анасында тек перзентханадан берілген медициналық анықтама ғана болған.

«Сонымен қатар, жұптың бір жасар қызы бары, оған әлі күнге дейін туу туралы куәлік рәсімделмегені анықталды. Қызға қатысты құжаттардың ішінде анасында тек перзентханадан берілген медициналық анықтама ғана болған», — деді ведомствода.

Белгіленген болу мерзімі аяқталғаннан кейін елден шығудан он тәуліктен астам уақыт жалтарғаны үшін әйелге қатысты әкімшілік хаттама толтырылды. Іс материалдары процестік шешім қабылдау үшін сотқа жіберілді.

Сонымен қатар полицейлер қыздың құқықтық қорғауын және әлеуметтік қызметтерге қолжетімділігін қамтамасыз ету мақсатында баланы құжаттандыру мәселесін бақылауға алды.