Қазақстан World Population Review платформасы жариялаған Most Powerful Countries 2026 тізімінде 34-орынға тұрақтады. Ол Венгрия мен Мысырдың арасында орналасып, Дания, БАӘ және Сауд Арабиясын артқа тастады, деп хабарлайды infohub.kz сайты.
Дания 36-орында, Біріккен Араб Әмірліктері — 37-орында, Оңтүстік Африка Республикасы — 38-орында, Норвегия — 39-орында тұр. Сауд Арабиясы 40-орынға жайғасса, Пәкістан — 42-орында, Иран — 46-орында.
Тізімге енген посткеңестік мемлекеттердің ішінде Қазақстаннан жоғары тұрғаны тек Ресей — ол 11-орында. Украина 51-орынға тұрақтаса, Литва — 56-орында, Беларусь — 57-орында, Өзбекстан — 71-орында.
Үздік үштікке Қытай, АҚШ және Үндістан кірді. Олардың соңынан Германия, Жапония, Оңтүстік Корея, Франция, Ұлыбритания, Мексика және Италия келеді.
World Population Review бұл тізімді U.S. News & World Report сілтемесімен ұсынады. Түсіндірмеде бес өлшем аталған: көшбасшылық, экономикалық және саяси ықпал, халықаралық одақтар мен әскери қуат. Тізімдегі орны Power Rank деп белгіленген: сан неғұрлым аз болса, елдің позициясы соғұрлым жоғары.
Бұған дейін «Курсив» Қазақстан Швейцарияның IMD орталығы жасаған экономикалардың бәсекеге қабілеттілік рейтингінде 38-орынға тұрақтап, Испания, Португалия, Польша және Италияны артқа тастағанын жазған. Зерттеу елдерді экономикалық көрсеткіштер, үкімет пен бизнестің тиімділігі, сондай-ақ инфрақұрылым жағдайы бойынша бағалайды.


