Дакарда (Сенегал) өткен 2026 жылғы жазғы жасөспірімдер Олимпиада ойындарында қазақстандық спортшылар сегіз медаль — екі алтын, үш күміс және үш қола — жеңіп алды, деп хабарлайды infohub.kz сайты.
Ұлттық құраманың қоржынына алтын медальді 52 килоға дейінгі салмақ дәрежесінде жеңіске жеткен дзюдошы Фатима Супыгалиева мен тас жолда жекелей жүгіріспен старт алған веложарыс жеңімпазы Анель Ташбай салды.
Ойындардың күміс жүлдегерлері атанғандар — 57 килоға дейінгі салмақтағы боксшы Ақнұр Тұрсынғали мен 70 килоға дейінгі салмақтағы Бибарыс Әшірбай, сондай-ақ сабля сайысында өнер көрсеткен қылышшы Айбар Қайым.
Қола медальді триатлоншы Рамазан Айнегов, 63 килодан жоғары салмақтағы таеквондошы Любовь Юн және 54 килоға дейінгі салмақтағы боксшы Марал Төлепберген иеленді.
Жалпы Қазақстан атынан жасөспірімдер Олимпиада ойындарына 11 спорт түрінен 18 спортшы қатысты.
Олимпиаданың ресми жабылу рәсімі 14 қарашада өтеді.


