Қазақстан мемлекеттік уранның стратегиялық қорын көпдеңгейлі жүйе ретінде қалыптастыруды жоспарлап отыр. Бұл қор тек елдің өз қажеттілігіне, ең алдымен өз атом электр станцияларына жұмсалады. Бұл туралы Атом энергиясы агенттігінің төрағасы Алмасадам Сатқалиев мәлімдеді, деп хабарлайды infohub.kz сайты.
Бұл мәлімдеме Антальяда өткен «Әлемдік атом күндері — 2026» форумы барысында айтылды. Ведомство басшысының айтуынша, кейбір кен орындары тоқтатылып, болашақ ұрпаққа қор ретінде сақталады: олар жақын перспективада игерілмейді және өндірілмейді.
«Кейбір кен орындары тоқтатылып, болашақ ұрпаққа қор ретінде сақталады. Яғни олар жақын перспективада игерілмейді және өндірілмейді. Дайын уран өнімінің бір бөлігі қоймаға жиналады, әр станцияда жылу бөлетін жинақтардың қоры қалыптасады. Бұл қор станцияларды одан әрі пайдалану кезінде жұмсалуға мүмкіндік береді», — деді Алмасадам Сатқалиев.
Сонымен қатар оның айтуынша, Қазақстан өз аумағында МАГАТЭ аясында жұмыс істейтін Халықаралық аз байытылған уран банкінің тәжірибесін осындай отынның жеке қорларын қалыптастыруға пайдалана алады.


