Қазақстан азаматы республика билігінен көмек сұрап, ұлын Түркиядағы полиция бөлімшесінде ұстап, ұрып-соғып жатқанын мәлімдеді, — деп хабарлайды infohub.kz сайты.
Әйелдің өтініші «Президентке хаттар» Telegram-арнасында жарияланды. Оның айтуынша, жас жігіт Түркиядағы Сабиха Гекчен әуежайының қарсысындағы полиция бөлімшесінде отыр.
«Ұлымды Стамбұл полициясы ұстап, 10 сағаттан астам ұрып-соғып жатыр. Қазақстан консулы оны таба алмай жүрген көрінеді, ал мен полиция шетелдіктердің орналасқан жері туралы хабарлауға міндетті екенін білемін», — деп келтіреді қазақстандық әйелдің сөзін NUR.KZ.
Әйел сондай-ақ ұлының Молдавиядан баспана сұрап өтініш бергенін, бірақ құжатты қабылдамай, оны күштеп Стамбұлға жібергенін айтты.
NUR.KZ тілшісі Қазақстан Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметіне сауал жолдады. Ведомство Қазақстанның Стамбұлдағы Бас консулдығының қызметкерлері ұсталған екі қазақстандық азаматпен кездескенін хабарлады.
«Қазіргі таңда олар депортациялық орталыққа ауыстырылды, онда оларды Қазақстанға депортациялау мәселесі шешіледі», — деді СІМ баспасөз қызметінде.
Сыртқы саяси ведомство жағдайдың бақылауда екеніне сендірді.


