Америкалық супермодель Кендалл Дженнердің танымал іш киім брендінің жарнамасы аясында Instagram-ға жариялаған жаңа жазбасы 1,2 млн-нан астам «Ұнайды» белгісін және 3 мыңнан астам пікір жинады, деп хабарлайды infohub.kz сайты.

Аккаунтқа салынған суретте модель қою жасыл түсті денеге жабысатын лонгсливті сәл көтеріп, ақ бюстгальтерін көрсеткен.

Жазба жазылушылар арасында үлкен қызығушылық тудырды. Пікірлерде жанкүйерлер көптеген мақтау сөздер қалдырды: «Өте әдемі», «Махаббат құдайы», «Нұр шашып тұрсың», «Іші де, сырты да әдемі», «Кемелдік», «Бұдан әдемі болу мүмкін емес».

IMDb сайтының дерегінше, Кендалл Дженнер 1995 жылдың қараша айында Лос-Анджелесте дүниеге келген. Ол отбасының басқа мүшелерімен бірге қазіргі таңда 20 маусымды құрайтын «Кардашьяндар отбасы» реалити-шоуына қатысады.

Сонымен қатар Кендалл Дженнер табысты модель: журналдарға түсумен қатар, оны подиумда да көруге болады.

2026 жылы ол «Эйфория» сериалының жұлдызы, танымал актер Джейкоб Элордимен романтикалық қатынаста екенін растады.