Солтүстік Кореяның зымыран жасау жөніндегі бас басқармасы тактикалық баллистикалық зымыранды сынақтан өткізді. Корея Орталық телеграф агенттігінің (ЦТАК) хабарлауынша, сынақ қару-жарақтың қуаты мен дәлдігінің артқанын растады, деп жазады infohub.kz сайты.
Агенттік дерегінше, ұшыру 12 қазанда жүзеге асырылып, зымыран жүйесінің жаңартылған бөлшектерін тексеруге бағытталған. Қару-жарақты техникалық дамытуға арналған сынақ бейінді ғылыми-зерттеу институттарымен бірлесіп өткізілді.
«Зымыран жасау жөніндегі бас басқарма осы күні расталған негізгі элементтің техникалық жаңартылуы — барлық шабуылдау қару-жарақ жүйелерінің қуаты мен дәлдігін арттырудағы маңызды өзгерістерді болжайтын үлкен жетістік деп мәлімдеді», — деп хабарлады ЦТАК.
Еске салайық, қазан айының басында КХДР Қарулы күштері шығыс бағытта Жапон, яғни Шығыс теңізіне қарай беймәлім зымыран ұшырған болатын.
Ұшу қашықтығы мен биіктігі сияқты нақты техникалық сипаттамалар қазір анықталып жатыр. Жапония Қорғаныс министрлігінің дерегінше, ұшырылған нысан баллистикалық зымыран болуы мүмкін. Жапон теңізшілеріне снарядтың құлаған сынықтарына жақындамау ескертілді.
Бұған дейін «Курсив» жазуынша, Оңтүстік Корея президенті Ли Чжэ Мён Солтүстік Кореяға Корей соғысын ресми аяқтау туралы келіссөз бастауды және Пхеньянның ядролық бағдарламасының дамуын тежеу шараларын талқылауды ұсынған еді.


