Көкшетауда 10 жасар бала көшеде достарымен ойнап жүріп, мұздай су толған ашық канализация құдығына құлап кетті. Баланы дереу құтқарып қалуға мүмкіндік болды, деп хабарлайды infohub.kz сайты.
КТК телеарнасының мәліметінше, жергілікті тұрғындарды бұл оқиға әсіресе соңғы уақытта осындай жағдайдың екінші рет қайталануымен шошытты. Екі апта бұрын қоршалмаған құрылыс алаңындағы су толған шұңқырға 4 жасар бала құлап, көз жұмған еді.
«Көкшетау су арнасы» мекемесінде қазіргі таңда қалада екі бригада жұмыс істеп жатқанын, олар барлық құдықты аралап тексеруге тырысып жатқанын мәлімдеді. Қалада мұндай құдықтардың саны шамамен 15 мыңға жуық. Төтенше оқиғадан кейін кезекті люк шұғыл түрде жабылды.
«Бұл құдыққа әлі жетуге үлгерген жоқпыз, себебі кадрлық ресурсымыз өте тапшы, жетіспейді. Ең бастысы — слесарьлар, бәрін уақытында қызмет көрсету үшін. Құдық қандай да бір биіктікте еді. Біз қауіптірек, көрінбейтін құдықтарды ауыстырдық, соларға тырыстық, бұл құдық туралы ойламадық», — деді кәсіпорынның бас инженері Қазбек Садуақасов.


