Көкшетауда есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері есірткінің болжамды қойма-буып-түюшісінің әрекетін тоқтатты. Ол — Петропавлдан шыққан 28 жастағы ер адам, деп хабарлайды infohub.kz сайты.

Ақмола облысы полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, ер адам жедел-іздестіру іс-шаралары барысында ұсталған. Жедел қызметкерлердің дерегінше, ол тамыз айында есірткіні закладка арқылы тарату үшін Көкшетауға арнайы келген. Бұған дейін Петропавлда осындай заңсыз әрекетпен айналысып, кейін географиясын кеңейтіп, Қостанай мен Көкшетауды да қамтыған.

«Көкшетауда күдікті қойма ретінде пайдаланған пәтер жалдаған. Мұнда ол тыйым салынған заттарды бір реттік дозаларға бөліп сақтап, кейін оларды жасырын жерлерге орналастырған. Алдын ала деректерге сәйкес, ер адам күніне 100-ден 200-ге дейін закладка жасай алған, ал қызметі үшін ақыны криптовалютамен алған», — деп хабарлады Ақмола облысы полиция департаментінде.

Полицейлер анықтағандай, уақыт өте келе фигурант қарапайым закладчик қызметінен қойма-буып-түюші рөліне көшкен. Ол тыйым салынған заттардың ірі партияларын алып, буып-түйіп, одан әрі сатуға дайындаған.

Ұстау және кейін тұрғылықты жерінде тінту кезінде полицейлер есірткі мен психотроптық заттардың түрлі ассортиментін тапты. Заңсыз айналымнан 320 грамм марихуана, 370,83 грамм гашиш майы, 787,07 грамм гашиш, сондай-ақ жалпы салмағы 1 килограмм 80 грамм болатын а-PVP психотроптық заты бар 141 пакет пен екі полиэтилен орама алынды.

Осы факті бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Оған 7 жылдан 12 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қауіп төндіреді.