Колумбияның оңтүстік-батысындағы заңсыз алтын кеніші опырылып, 14 адам қаза тапты, тағы жетеуі жараланды. Бұл туралы infohub.kz сайты хабарлайды.
Апат туралы ақпаратты жергілікті билік растады. Бұл жөнінде NUR.KZ сілтеме жасаған The Straits Times жазады.
Нариньо департаментінің губернаторы Луис Альфонсо Эскобардың айтуынша, іздестіру-құтқару жұмыстары аяқталды. Өңір басшысы орталық үкіметті, Ұлттық тау-кен агенттігін, сондай-ақ тау-кен өнеркәсібі және энергетика министрлігін заңсыз және шағын тау-кен кәсіпорындарының қызметін заңдастыру үдерісін жеделдетуге шақырды. Бұл еңбек жағдайын жақсартып, қауіпсіздік стандарттарын арттыруға мүмкіндік береді.
Басылым бірнеше ай бұрын Поликарпа қаласында дәл осындай апат болғанын, ол кезде 13 адам қаза тапқанын атап өтеді.
Айта кету керек, реттелмеген пайдалы қазбалар өндіру Колумбияның ауылдық аудандарында кең таралған. Мұндай кәсіпорындарда қажетті қауіпсіздік инфрақұрылымы жиі болмайды, сол себепті өлімге әкелетін апаттар жиі орын алады.


