Кремль АҚШ президенті Дональд Трамптың Владимир Путинді өзінің досы деп атаған мәлімдемесіне жауап берді. NUR.KZ агенттігінің РИА Новостиге сілтеме жасап хабарлауынша, Ресей президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков екі мемлекет басшысының арасындағы қарым-қатынас сипаты туралы журналистерге түсініктеме берді, деп жазады infohub.kz сайты.
Бұған дейін Дональд Трамп пен Владимир Путин АТЭС саммитінде екіжақты кездесу өткізген болатын. Сол кезде Ақ үйдің басшысы Ресей президентімен қарым-қатынасы тамаша екенін айтып, оны өзінің досы деп атады. Кейінірек Трамп Путинмен бірге түскен суретін «менің досым» деген жазумен жариялады.
АҚШ пен Ресей президенттерінің арасында шынымен жылы қарым-қатынас бар ма деген сұраққа Дмитрий Песков былай деп жауап берді: «Путин президенттің Трамп президентпен өте іскерлік, прагматикалық және тіпті достық қарым-қатынасы бар екені рас. Бұл оларға көптеген келіспеушілік бар ең күрделі мәселелерді талқылауға көмектеседі, сонымен бірге екі мемлекет басшысының көзқарасы сәйкес келетін жекелеген тұстар да бар».
Айта кетейік, бұған дейін Трамптың сөздеріне Украина басшысы да жауап берген еді. Владимир Зеленский өз кезегінде Путинді жау деп атады.


