Корей Халық Демократиялық Республикасының астанасы Пхеньянда Ресей өнер қайраткерлерінің салтанатты концерті өтті. Онда Ресейдің халық әртісі Лариса Долина ән салды, ал көрермендер қатарында ел көшбасшысы Ким Чен Ын болды, деп хабарлайды infohub.kz сайты.

Кореяның Орталық телеграф агенттігінің (ЦТАК) мәліметінше, іс-шара 26 қарашада Шығыс Пхеньяндағы Үлкен театрда өткен.

«Салтанатты концертте танымал әншілер, оның ішінде Ресейдің халық әртісі Лариса Долина мен Н. П. Осипов атындағы Ресей ұлттық аспаптар оркестрінің ғылыми-академиялық өнер қайраткерлері өнер көрсетті. Концертте достық сезімі билеп тұрды. Ресей халқының Отанға деген ыстық махаббатын әсерлі жеткізетін нөмірлер орындалды», — делінген агенттік хабарламасында.

Өнерпаздардың өнер көрсетуі аяқталған соң Ким Чен Ын сахнаға көтеріліп, олармен бірге суретке түсті.

Ресей Табиғи ресурстар министрлігінің Үкіметаралық комиссиясының дерегінше, Пхеньянда сондай-ақ бүкілресейлік және халықаралық конкурстардың лауреаты, әнші Екатерина Андреева мен Мемлекеттік академиялық Мариин театрының солисі Глеб Князев те өнер көрсетті.