Ливия Бенгази портына жасалған шабуылдан кейін өз елшісін Киевтен кеңес алу үшін шақыртып алуға шешім қабылдады. Шабуыл салдарынан Ливияның екі әскери қызметшісі қаза тапты, деп хабарлайды infohub.kz сайты.

Бенгази портына шабуыл 22 қарашада жасалды. Шабуыл салдарынан Ливия Әскери-теңіз күштерінің екі әскери қызметшісі қаза тапты. Ливия Ұлттық бірлік үкіметі Киевтің әрекетін айыптап, украин тарапынан ресми түсініктеме талап етті.

Ливия билігі украин күштерінің Бенгази портына жасаған шабуылын ел егемендігіне қол сұғу деп атап, айыптады. Оқиғадан кейін Ливияның Киевтегі елшісі кеңес алу үшін шақыртып алынды, делінген Ливия Сыртқы істер министрлігінің мәлімдемесінде.

«Елшіні кеңес алуға шақырту Бенгазиге жасалған украин шабуылына байланысты болды», — делінген ведомство хабарламасында.

Сыртқы істер министрлігі Ливия украин күштерінің әрекетін айыптайтынын атап өтті. Бұл әрекеттер Ливия егемендігіне қол сұғу болып табылады, халықаралық құқыққа, халықаралық келісімдер мен нормаларға қайшы келеді және Ливияның қауіпсіздігі мен тұрақтылығына кері әсер етеді.

Бұған дейін Ливия Украинаға қарсы БҰҰ-ның Халықаралық сотына талап қоюды жоспарлап отырғаны хабарланған болатын.