Mein Schiff 3 круиздік лайнері Бремерхафен портынан шыққан соң көп ұзамай екі жүк кемесімен соқтығысты. Оқиға 25 қазан күні кешке қатты дауыл салдарынан болды, деп хабарлайды infohub.kz сайты.

Соқтығысу салдарынан Канар аралдарына сапарды тоқтатуға тура келді, ал лайнердің өзі жөндеуге жіберілді. Соқтығысу кезінде круиздік кеме бортында 2428 турист және 922 экипаж мүшесі болған. Олардың ешқайсысы зардап шекпеді.

Полицияның мәліметінше, көлемі кішірек контейнертасығыш жеңіл зақым алған, ал үлкені едәуір зақымданған. Контейнертасығыштың корпусында бірнеше метрлік тесік пайда болып, контейнерлерге арналған бағыттауыштар деформацияланған. Полицияның айтуынша, зақым су сызығынан бірнеше метр биіктікте болғандықтан, кемелердің ешқайсысына су кірмеген.

Билік өкілдерінің дерегінше, круиздік лайнерде құтқару қайықтарына, олармен байланысты крандарға және корпус қаптамасына едәуір залал келген. Нәтижесінде кеме қауіпсіздігі қызметі зардап шеккен үш кеменің барлығына теңізге шығуға тыйым салды.

Бортында 3350 адам болған Mein Schiff 3 круиздік лайнері Бремерхафен портынан шығар кезде қатты желдің екпінінен жүк кемелеріне соқтығысты. Канар аралдарына сапарды тоқтатуға тура келді.