Мексиканың Синалоа штатындағы «Эль-Кастильо» түрмесінде шыққан төбелестен кемінде он адам қаза тауып, тағы он алты адам жарақат алды, деп хабарлайды infohub.kz сайты.

Бұл туралы «Известия» басылымы испандық El País газетінің жарияланымына сілтеме жасап хабарлады. Осы деректерге сәйкес, ахуалды тұрақтандыру үшін мекемеге ұлттық гвардия қызметкерлері жіберілген.

«Қаза тапқандардың арасында мекемеде отырған туыстарын аралауға келген бір адам болды», — делінген жарияланымда.

Құқық қорғау органдары араласқаннан кейін түрме бақылауға алынды. Зардап шеккендерге алғашқы медициналық көмек көрсетіліп, сол күнге жоспарланған түрмеге кіру рұқсаттары тоқтатылды. Облыс прокуратурасы болған оқиғаның мән-жайын тексеруді бастады.

Айта кетейік, бұл оқиға Синалоадағы қылмыстық топтардың қақтығысына байланысты жалғасып отырған қауіпсіздік дағдарысы аясында болды, делінген жарияланым мәтінінде.