Алматы қалалық әкімдігінде кадрлық тағайындау болды: жастар саясаты басқармасын бұған дейін осы ведомство басшысының орынбасары қызметін атқарған Мирас Нысаналиев басқарды. Бұл туралы infohub.kz сайты хабарлайды.
Әкімдікте нақтылағандай, тағайындау Алматы әкімі Дархан Сатыбалдының өкімімен жүзеге асты. «Алматы әкімі Дархан Сатыбалдының өкімімен Мирас Нысаналиев Алматы жастар саясаты басқармасының басшысы қызметіне тағайындалды. Бұған дейін ол осы басқарма басшысының орынбасары қызметінде болды», — делінген әкімдік хабарламасында.
Әкімдік сайтындағы мәліметке сәйкес, Мирас Нысаналиев 1985 жылы 12 наурызда дүниеге келген. 2006 және 2008 жылдары М. Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетін бітірген.
Нысаналиев еңбек жолын 2007 жылы «ФА Альянс Финанс Алматы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінде қаржы кеңесшісі ретінде бастады.
2008 жылдан бастап мемлекеттік қызметте болып, Алматының Әуезов ауданы әкімі аппаратында түрлі қызметтер атқарды. 2010–2016 жылдары Әуезов ауданы әкімі аппаратының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімін басқарды.
2016–2020 жылдары Нысаналиев Алматының Наурызбай ауданы әкімі аппаратының басшысы қызметін атқарды, ал 2020–2026 жылдары Алматының Наурызбай ауданы әкімінің орынбасары болып жұмыс істеді.


