24 қазаннан 25 қазанға қараған түні Қазақстанда дүниеге келген 41 жастағы ресейлік рэпер Миша Маваши өмірден өтті. Оның жақындары өлім себебі жазатайым оқиға болғанын нақтылап, хайп көтермеуге сұрады, деп хабарлайды infohub.kz сайты.
Музыканттың қайтыс болғаны туралы ақпарат оның Telegram-арнасында жарияланды. Бейнеүндеуін рэпердің бір досы жариялады. «Бізде трагедия болғанын қайғыра хабарлауға мәжбүрмін. Михаил Федорович Маваши бүгін түнде, 24 қазаннан 25 қазанға қараған түні жазатайым оқиға салдарынан қайтыс болды. Әзірге егжей-тегжейін хабарламаймыз, жағдайды анықтап жатырмыз. Барлығы шокта. Баршаңыздан өтінемін. Бізді шығармашылық тұрғыдан біріктірген тамаша адамға құрмет көрсетейік, әр нәрсені әсірелеп, хайп көтермейік», — делінген бейнежазбада.
«Известия» басылымының дерегінше, шын тегі Ниц болып келетін Михаил Маваши 1985 жылы 29 қаңтарда Қостанайда дүниеге келген. Музыкалық қызметін 2009 жылы бастады. Орындаушының алғашқы жұмыстарының қатарында «Только правда» (2009 жыл) және «То, что видел» (2011 жыл) альбомдары бар. Кейін, 2013 жылы «Изнанка» альбомы жарық көрді.
2014 жылы әртіс екі альбом шығарған «ЦельРазгром» жобасын құрды, ал 2018 жылы «МАВАШИ group» ұжымын құрды.


