Қазақстандық актер Олжас Абай TALK LIKE подкастына қонақ болып, шығармашылығы мен жеке өмірі туралы әңгімеледі. Сұхбат журналист Аман Тасығанның YouTube-арнасында жарық көрді, деп хабарлайды infohub.kz сайты.

Жақында актриса Дариға Бадыковаға үйленген Олжас Абай журналистің сұрақтарына ашық жауап берді. Актер Дариғадан тек сұлулық қана емес, оның тұтас тұлғасын іздегенін атап өтті.

«Егер мен оны таңдасам, онда мен одан шынайы сұлулықты көремін, егер мен оның батылдығын байқасам, жүрегіндегі нәзіктікті де көремін», — деді ол.

Олжас Дариғаның өзі тәнті болатын қасиеттері өте көп екенін қосты.

«Оның сезімтал интуициясы бар. Ол — тұтас адам. Оның қасында әлсіз, ақымақ болу мүмкін емес, бұған құқығың жоқ. Маған дәл осы керек еді. Оның қасында рухыңды түсіруге құқығың жоқ, өзіңнен-өзің күшті боласың. Онымен ойланып сөйлейсің. Ол саған кеңес те бермейді, өзің ақылды бола түсесің... Онымен ұрысу мүмкін емес, өйткені ол сенімен ұрыспайды... Оның бойында әлсіз әйелге де, күшті адамға да тән барлық қасиет бар», — деп әңгімеледі ол.